Сапар ғажабы!

Бұл бетте «Сапар ғажабы!» атты Нұрсултан Қожағұл жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ей, орамал, орамал,
Болдың маған жорамал.
Ғажайыпты сиқырмен
Мені баурап орап ал!
Ей, садағым, садағым.
Сені аңға қададым,
Басқаларға көрсеткен
Болдың үлкен мадағым.
Ей, жұлдызым, жұлдызым,
Сапар шеккен құндызым.
Бағдар-бағыт беретін,
Компасы едің ұл-қыздың.
Ей, құлыным, құлыным!
Желбіреген тұлымың,
Ат-әбзелін таққызған,
Құлыным, берік жұлының.
Ей, қыраным, қыраным,
Басын алған жыланның.
Сені аспанға жіберіп,
Сауық-сайран құрамын.
Ей, алабай күшігім,
Сені көрсем күштімін.
Қасқырлармен жұлысқан
Талап қырған күшігім.
Ей, қазаным, қазаным,
Сенде піскен сазаным.
Сенде піскен күйімен,
Пісе берсін тамағым.
Ей, қазағым, қазағым,
Осылармен базарым.
Жеті маған керекті
Сапардағы ғажабым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сапар ғажабы! өлеңінің авторы кім?

Нұрсултан Қожағұл — осы өлеңнің авторы.

Сапар ғажабы! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сапар ғажабы! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрсултан Қожағұл өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сапар ғажабы! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер