Жайлау – Қуат Адис

Бұл бетте «Жайлау» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2020
  • 0
  • 0
  • 5245
Ұқсамайсың қалаға,
Сөз жетпейді бағаңа.
Керегенің көзінен,
Көз жібердім далаға.

Көтерілді күн төрден,
Тау басынан бұлт өрген.
Көк пен жердің арасын,
Тұтып қойған шілтермен.

Кеңістікті мұнша аумақ,
Қалай қойған құрсаулап.
Төңірекке тұр, әне,
Күн көзінен нұр саулап.

Бөктерлер де бүрленген,
Бір ғажайып түрге енген.
Кілем жайып тастапты,
Қызыл-сары гүлдерден.

Жайлауда отыр ауылым,
Ауасын-ай, тауының!
Шапқылаған құлыншақ,
Сипатпайды сауырын.

Құс сайрайды төбемде,
Қошақан тұр көгенде.
Тастан-тасқа секіріп,
Ұстатпайды «Шөрем» де.

Шектейді екен кім сені?!.
Қызықтың жоқ бір шегі.
Ойнақтап жүр ботақан,
Дір-дір етіп тірсегі.

Жайлау кешін ұнатам:
Мал суғарып жүр атам.
Құлын байлап жүр әкем,
Бие сауып тұр апам.

Жайлау жақсы расында,
Бүкіл бала қасында
Құрт қайнатып жүр әжем,
Қазан-ошақ басында.

Түзге керек бір адам,
Тайға мініп жүр ағам.
Түгендейді түлікті,
Қыр басынан құлаған.
Қимасам да қаланы,
Көрсем деймін даланы.
Басталғанда қыркүйек,
Қайтқым келмей қалады.

Табиғатпен тілдескен,
Төрт түлікпен бірге өскен.
Бабамның да бабасы,
Осы жерде күн кешкен…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайлау өлеңінің авторы кім?

Қуат Адис — осы өлеңнің авторы.

Жайлау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайлау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуат Адис өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайлау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері