Соңғы сапар – Қуат Адис

Бұл бетте «Соңғы сапар» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2020
  • 0
  • 0
  • 4394
Жаратқаннан жетті жарлық,
Аласарды биігім.
Өзіңменен кетті барлық,
Әлемдегі мейірім.
Көтере алмай басымды тік,
Өзегімді өрт алды.
Жанарымның жасын жұтып,
Тағдырымнан сор тамды...
Тоқтады ма ғұмыр-кеуде,
Ажал – арсыз тегі, шын...
Тек өзің ең жұмыр жерде,
Құдірет күш мен үшін.
Өкініштен жалын жұтқан,
Өр көңілім жасиды.
«Құдіретті» алып жыққан,
Құдіретке бас идім.
Ғазиз жаның Хаққа аманат,
Еңсемді езді ескі мұң...
Өзің кеткен жаққа қарап,
Өтеді енді «бес күнім».


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері