Баба ескерткіші жанында – Қуат Адис

Бұл бетте «Баба ескерткіші жанында» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2020
  • 0
  • 0
  • 1552
«Келте тонды Келменбет,
Келбетіңе рахмет»
(Хан сөзі)

Уа, Келменбет, дүр баба!
Таңдай қаққан талайлар,
Тау болмысты тұлғаңа.
Қорған болар жұртына,
Сендей туған ұл ғана.
Енді бүгін қарайсың
Тас тұғырдан түйіліп,
Ұрпағыңа мұңдана.
...Кек алмаққа дұшпаннан,
Қалың топқа қансыраған түсті арлан.
Желден жүйрік сары қасқа атыңа,
Ілесе алмай қанат қаққан құс қалған.
Келте болды шалғайынан сан шауып,
Тері тоның жібекпенен тысталған.
Ұрпағыңның қылышы бар, амал не,
Тасқа шауып қысқарған...
Батыр баба баданасын оқ тескен,
Сұм ажалмен талай мәрте беттескен.
Қарашасын қорғау үшін шоқ шайнап,
Жалын жұтып, от кешкен...
Бәдізің де биікте тұр бүгінде,
Текті рухың төменге әлі шөкпестен.
...Қамын күйттеп жүрген қара басының,
Қалмайын деп тек көштен
Мына біздей ұрпағыңды, кеш баба!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баба ескерткіші жанында өлеңінің авторы кім?

Қуат Адис — осы өлеңнің авторы.

Баба ескерткіші жанында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баба ескерткіші жанында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуат Адис өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баба ескерткіші жанында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері