Көгілдір түн – Назира Бердалы

Бұл бетте «Көгілдір түн» атты Назира Бердалы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.02.2020
  • 0
  • 0
  • 8429
Көгілдір түн.
Көк түннің көктемі гүл.
Жұлдыз сүрер бір-ақ күн көкте ғұмыр.
Сонау алыс жұлдыздар алыс емес,
Мына түн қап-қара емес, көп-көгілдір.
Көп жұлдызға көсем ғып қадапты Айды,
Қиылған қабақтай Ай, садақтай-ды.
Біріне-бірі ғашық екі бұлбұл
Құйқылжып, махаббатты мадақтайды.
Қосылып ап, не түрлі ән салады
Қапырық түн, еспейді таң самалы.
Ай бетіндегі ару қыз маған қарап,
Мұңаяды, немесе тамсанады.
Несіне қызығасың, Ару, маған?
Тек түнде тыншиды ғой дауыл ғалам.
Ал менің сезіміме тыным бермей,
Бір адам түн ұйқымды тағы ұрлаған.
Бұлбұл үні бастайды бойды егеске,
Махаббат-ән салмайды тойды да еске.
Сол бір жан атырмастан ақ таңымды,
Мәңгілік түн орнатып қойды емес пе?
Көгілдір түн...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көгілдір түн өлеңінің авторы кім?

Назира Бердалы — осы өлеңнің авторы.

Көгілдір түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көгілдір түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Назира Бердалы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көгілдір түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері