Бұл бетте «Оқжетпес өрінде» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Туған жердің самал желі тербеген,
Жас кеудені арман, шаттық кернеген;
Сол бір сәттер есіңде ме, досым-ау,
Оқжетпестің биігіне өрлеген?...
Көз тіктік-ау Көкшеге біз нұр тұнған,
Қайран Көкше, қалыңдықтай құлпырған.
Достық жайлы өнеге айтып тұрғандай,
Екеумізге ертеңге енді ұмтылған.
Мөлдірімнен бір ғибрат көр деген,
Айнакөлдей айдын жатты көлбеген:
Достар солай ақ көңілмен аңқылдап,
Бір-бірінен сыр жасырып көрмеген.
Аспан ару алтын кірпік, күміс тән,
Елжірейді Бурабайға гүлстан:
Достар солай бір-біріне іңкәр боп,
Бір-бірімен дайым іштей ұғысқан.
Қайсарлықты Жұмбақтас тұр ұқтырып,
Қанша сынды қарсы алған-ау тік тұрып;
Достықта да болу керек тап сондай,
Мың жылда да мыңқ етпейтін мықтылық.
Қиып өсіп қия шыңды нән, алып,
Қарағайлар тасқа шыққан таралып;
Берік біткен достықтың да тамыры,
Тұрар солай тым тереңнен нәр алып.
Оқжетпесің жеке-жеке жартас та,
Азаматтан айнымайтын марқасқа.
Мерейі үстем, мәртебесі биік боп,
Достар солай иықтасып қалмас па!..
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі