Одағай – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Одағай» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3542
Мана сен трамвай ішінде
Бола қап ойланған пішінде,
Таяқты әжейді көрмедің,
Түрегеп орныңды бермедің,
Ұят-ай!
Тентек деп айтпайды ел текке,
Оқымай бардың да мектепке,
Есепті біреуден көшірдің,
«Екіні» дәптерден өшірдің,
Ұят-ай!
Сабақтан қайтарда тағы да
Кірісіп ойынның қамына,
Бұрымын жұлқылап көп қыздың,
Бостан-бос уақытты өткіздің,
Ұят-ай!
Ұятың қайда еді, бәтір-ай!
Бір күннің ішінде, япыр-ай,
Геройы боларлық мысқылдың
Қаншама одағай іс қылдың,
Ай-ай-ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері