Азат болу
Бұл бетте «Азат болу» атты Сарсен Абенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бармаймыз осы сөздің байыбына,
Естісекте, ойланбаймыз ол жайында.
Қызыл қан, ащы жастың ағуымен,
Жеттік қой Тәуелсіздік тұғырына.
1986-ның қысында,
Бодандықта болыппыз сол ғасырда.
Ел тізгінін бермек екен үкімет,
Қазақ жайлы естімеген бір пасыққа.
Ағаларым, әпкелерім шыдамады,
Қазағымның намысын басқанына,
Қақаған қыстың, суық аязында,
Қарсы тұрды мұздай су мен темір оққа.
Азаттықты жақындатты бұл қозғалыс,
Оянды елім, көтеріліп биік намыс.
Бірігіп жүрегімен әр қазағым,
Болашаққа көз жіберді өте алыс.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі