Көркем-мінез көркіміз – zhanita222

Бұл бетте «Көркем-мінез көркіміз» атты zhanita222 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алланың берген сыйымен
Келеміз жайып жапырақ.
Адамзат атты тіршілік,
Баратын жері топырақ.
Пенде боп келіп өмірге,
Пенде боп кету адамдық.
Алланың жолы ақиқат,
Ақ жолға бастар қадам нық.
Жер беті мынау сан-түрлі,
Ниетіне толы адамның.
Аяқтан шалып,көре алмау,
Мінезі қарау-арамның.
«Алла» деген пенделер,
Жаратқаннан сауап алар мың.
Арақ пен ақша әзәзіл,
Ермегі имансыз наданның.
Байлық пен алтын дос болмас,
Қолдың кірі секілді.
Адалдық, ұят, ар-намыс,
Көркем мінез өтімді.
Мұхаммед Алла елшісі,
Иман нұрына ұйыдым
Елім бір өрге басса екен,
Құп алып жаратқан тиымын.
Жер-жерде жатыр өрт шығып,
Халқымды Алла сақтасын.
Тәуелсіз Қазақ елімнің,
Бейбіт күні батпасын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар