Сын – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Сын» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1355
Меңгеріп ұстаз тән ісін
Оқыттым көп жыл мүдірмей.
Шәкірттер ұғып мәнісін
Тапсырды сынын кідірмей.
Мен айттым бүгін бірақта
Кірмейсің сынға біріңде.
Кіргізем дедім сынаққа
Ән айтсаң ана тіліңде.
Енді міне түсінбей
Отырмын өзім кідіріп.
Шәкірттер сынға кіре алмай
Тоқырап қалды мүдіріп.
Өнерін халық балаңа
Үйретпей кетсең ұрысың.
Затаевич жиған мың әннің
Біреуін білмей тұрысын.
Әндерді басқа білгенмен
Халқының әнін білмесе,
Ана тілін білгенмен
Азамат тілін білмесе,
Құрылыс тілін білгенмен
Құрмет тілін білмесе –
Кемшілік үлкен білгенге,
Тәрбие берген біздерге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері