Бұл бетте «Алғашқы махаббат» атты Сайын Назарбекұлы жазған махаббат туралы өлең берілген.
Сағынамын, алғашқым, өзіңді тек,
Өткен күндер жұқартты төзімді жеп.
Тағдыр сызған жазмышқа бағындық та,
Өмір сүрдік, амалсыз, сезім тежеп.
Біз кездеспей күн кештік "күз"ге дейін,
Іздемедім, өзіңді, іздемейін.
Тек махаббат сезімі қуат бергей,
Кетік тісті кемпір-шал бізге кейін.
Кімсің кәзір, білмеймін, қандай бақыт,
Құша алмағам кезінде таңдай татып.
Ұмытпаймын, себебі, жүрегімде,
Бір шырақ тұр, сен жаққан, сәуле шашып.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі