Қақпақтай тасты қақ жарып
Бұл бетте «Қақпақтай тасты қақ жарып» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәндене басып, паңданып,
Жүр едім босқа сандалып.
Тізерлеп міне отырмын
Ғажапқа мынау таң қалып?..
Үп еткен желге тағзым ғып,
Тағыры тағы жалғыздық –
Бір тал шөп шыққан жарыққа
Қақпақтай тасты қақ жарып.
…Серпілдім, талай төзіп ем
Күш алды кенет сезімім.
Ойда жоқ мені ширатар
Қуатқа мұндай кезігем…
…Бүр жарды қурап кеткенім,
Тудың-ау қайта көктемім.
Бір тал шөп – маған, ал оған –
Жіберген жігер көкте күн.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі