Алма бағы
Бұл бетте «Алма бағы» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қол тимеді, келе алмадым бұл күзде,
Көне тартып қалыпты ғой жол сізге.
Жалаң ағаш, тылсым төбе үн-түнсіз,
Әлде қыста бұ соғуым жөнсіз бе?
Мүлгуін-ай, сезімсіздей тым ұйып,
Діндар жандай ән мен күйден тыйылып.
Мені күте қалғып әлде кетті ме,
Жылуына ақ көрпенің бұйығып.
Гүл көктемде, думан жазда – жыр қандай,
Күзде қанша түр мен түске сырланды-ай…
Өнерпаз қыс – тағы өнерін танытты –
Осы бақта мақта өсіп тұрғандай…
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі