Өлең, жыр, ақындар

Ошақ басының әңгімесі

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1491
Бала көңіл, мәз-мереке, пәк күнім...
Тойлағанмын туған күннің шаттығын...
Анам мені қаратып ап өзіне,
Сыр шерткенді, тым ерекше езіле,
Тыңдағанмын, басып ойын аптығын,
Ана сөзін құдіреттей сезіне.
... Он жетіге шықтың, балам, сен бүгін,
(О құдайым!, сенің арқаң, кеңдігің!).
...Мынау сенің иткөйлегің алғашқы,
Ескерткіш боп ғұмырыңа қалмақшы.
Етегінде қымбат, күміс сақина,
Тыңдап көрші, сақтауыңа тати ма?..
...Сен туғанда қуанғаннан жарылып,
(Отырам ба ұл тапқанда тарылып),
Қимағанмен “ене көзін” – асылым,
Итаяққа салған едім амалсыз,
Бар дүниям ішіндегі тақылын...
Қайран енем “көзі” еді...
Қимағанмен, әттең мынау, жарлылық,
Ата салты отырғаны салғызып! –
Депті де анам, саусағынан алыпты,
Қимай көзі, табаққа оны салыпты...
Бұл жоқшылық мәртті талай налытты,
Барлар кейде барлығынан жалықты...
...Жаны көркем, дені таза болсын деп,
Әке ұлы ата оғын жонсын деп,
Ауыл-аймақ қуанышқа толсын деп,
Берген бата басқа бақ боп қонсын деп –
Баба ғұрпын ол кез ауыл сақтайтын,
Жағдай айтып, сылтауратып жатпайтын...
...Иткөйлектің бүгілмейді етегі...
Бақталайға септігі бар деседі...
Бәрін, бәрін тек кемпірлер шешеді,
Бәрі ертегі, бәрі шындық кешегі...
...Сырға толып кетті кенет жан-жағым,
Сезіп тұрмын әдет-ғұрып салмағын...
...Оған міне, қырық жылдай өтіпті,
Өз ұлым да жиырма жастан кетіпті.
Ұлдың ұлы жарық көрді – немере,
Бұл бақыт па, хабаршы ма, немене?..
...Итаяққа үшінші ұрпақ салынып,
Тұзды суға бөбектермен малынып,
Қасиетті ғажап затқа айналды,
Қадір тұтқан енді ана жанын ұқ...
...Мен туғанда кіндік шешем алмаған,
Сақина ғой – мені өмірге жалғаған...
...әлі де біз итаяққа саламыз,
Ал сонан соң кіндік кескен шешеден,
Басқа затқа ауыстырып аламыз...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бойжеткен арманы

  • 0
  • 0

Қандай тәтті бойжеткеннің арманы,
Елестеткен бар өмірін алдағы.
"Қиял отау" кіріп алсаң шыққысыз,
Тіршіліктің зіл салмағы алда әлі...

Толық

Ән

  • 0
  • 0

Таң да жақын, той әлі тарқамаған,
Шырқа солай, өз әнің шырқа балам.
Ән жұпарын сіңіріп манаурайды
Таң алдында анау бел — қырқа, далаң.

Толық

Жайық бойында

  • 0
  • 0

Бір сарынды сезем жеткен жырақтан,
Елестейді бір көмекей жыр атқан.
өз үйімдей, жайлы мекен, ғажап-ай,
Бір-ақ түнеп, атырсам да бір-ақ таң.

Толық