Ауыл ақсақалы – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ауыл ақсақалы» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2005
Үлкен бапам Айдарбекке.
Отаны изен, жусан, ажырықтың –
Аулымда тіршіліктің сазын ұқтым.
Сол жердің киесіндей бір ақсақал
Жарықтық, тоқсан жаста, әлі тып-тың.
Қарайды көкжиекке көзін тігіп,
(Сөз тыңда жан-тәніңмен төзіп жігіт).
Сұңғыла, дәл осындай көре алмаппын,
Жартысын жер шарының кезіп жүріп.
Таулардың – Шерқала мен Айырықтың,
Тағы да басқалардың жайын ұқтым.
Дәметем жаңа әңгіме, тастай ма деп,
Қысқартып келтесіен қайырып тым.
Жарықтық, әлі тып-тың тоқсан бесте,
Ілескен, кейде әдейі, ермей көшке.
Сурылып төр ортада соғып отыр,
Жүйрікке талай тарлан бермей десте.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері