Ауылда
Бұл бетте «Ауылда» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Еске салар тәттіні қай-қайдағы,
Бақтылы мен Жұпардың балқаймағы.
Жан сусындар тыңдасаң ауыл шалын,
Бұлбұл үнді, зерлі сөз, бал таңдайлы.
Шұбат дәмі ашытқан Асылханның
Ерініндей, ай жүзді, ғашық жанның.
Келіндердің сәлемі – бидің биі,
Қалалық шал, абыржып, сасып қалдым.
Ас қайырар шалдары аңыратып,
Жігіттері күледі "жанып жатып".
Әзілдерін түсінбей жеңгелердің,
Тағдырыма налимын қаным қатып…
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі