Қорқыныш – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Қорқыныш» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1327
Бiр өлеңдi жазып тастап марқайып,
Көңiл өсiп жатырғанда шалқайып –
Күдiк итiң түрте-түрте оятты,
Қорқыныш қой.. Тұр алдымда талтайып.
Қорқынышым - өлеңiмнiң тағдыры,
Ал өлеңiм – жан мен сезiм сан жыры.
Сол пәленi қағып өтсем аржағы,
Мүмкiн маған күлiм қаққан таң нұры?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері