Аққулары – Ақтаудың, Атыраудың – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Аққулары – Ақтаудың, Атыраудың» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2592
Қызықты ма Атырау айдынына,
Қайдан көшiп, кереге жайды мұнда?
Апырым-ай, не деген ырыс едi,
Жаным жайлау, орын жоқ қайғы-мұңға!
Қызық күнiн тойлай ма, тәттi күнiн,
Тым ерекше гәккулеп жатты бүгiн.
Қанатының астында арман отау,
Аққу құстың белгiсi пәктiгiнiң.
Қызыл шырай, қара көз, қара сирақ,
Қара әппақ денеге, қара, шырақ!
Мiнсiз сонша табиғат мүсiндеген,
Қастерлеген, па, шiркiн, дара сыйлап!
Қаракөз қыз, ақ тонды, қара етiктi,
(Уыздай ғып, ғажап-ай, жаратыпты)
Уатып тұр жем берiп құс аруын,
Уылжыған өзi де дара тiптi!…
Аққулары Ақтаудың, Атыраудың,
Қызға, құсқа, көңiлiм, қатар аудың.
Сағынғаннан сiздердi жүрегiмде
Ендi, сiрә, айықпас жатар-ау мұң!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері