Тым тереңнен тіл қатады біреу үн
Бұл бетте «Тым тереңнен тіл қатады біреу үн» атты Сайын Назарбекұлы жазған тіл туралы өлең берілген.
Көз алдымда қаракөк боп жатты аспан,
Бiрде адасып, бiрде санап дөп басқан.
Көкiрекке сыйыспаған көп ойдың
Кейбiрiне өз ұлымдай жақтасқам.
Адамшылық билесе деп жүрегiн,
Артығырақ тiлеп және тiлегiн,
Жатқанымда адалдыққа шақырып,
Тым тереңнен қатар сонда бiреу үн:
- Жарат, -дейдi, - осы сөздi пайдаңа,
Адам болып қалу керек қайда да.
Жiгiт болсаң, қап-қарағы түнде де
Қара пиғыл қараңғы ойлар ойлама!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі