Қыраныңа айналам – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Қыраныңа айналам» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 1
  • 2238
Атырау-Алтай аймағым,
Астанам, сенсің айбарым.
Желбіретемін әлемде,
Қазақтың көк байрағын.
Ырысқа тұнған бай далам,
Көз тұндырып жайнаған.
Алтын күннің астында,
Қыраныңа мен айналам.
Дәстүрін бабам ұғындым,
Келеді шыңға ту ілгім.
Орман болған жұртыма,
Қорған болар ұлыңмын.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Маған ұнады

Өте керемет шығарма

Осы автордың басқа өлеңдері