Бұл бетте «Ақ лақ» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адасып қалып ақ лақ,
Жылап жүрді маңырап.
Қыдырып сай, белесін,
Тыңдамады ол енесін.
Өріс болған аймақта,
Ауылы енді қай жақта?
– Тек кінәлі өзім деп,
Іздеп жүрді безілдеп.
Қас қарая бастады,
Түнерген түн аспаны.
Дір-дір етті ақ лақ,
– Енем қайдан табылады?
Боламын деп ақылды,
Енесін ол шақырды.
Қылығына өкінді,
Тұра қалып өкірді.
Мә, мә – деп ол шаттанды,
Иесі іздеп тапқан-ды.
Өзі де әбден ашықты,
Енесіне асықты.
Лақ:
– Кешіріңіз, анашым!
Енесі:
– Кім кешірмес, баласын.
(балаларға арналған тақпақ)
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі