Бағдаршам – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Бағдаршам» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 3497
Бағдаршамның бар күші,
Бәрі оны мойындар.
Жанған кезде сары түсі,
Тоқтауға онда дайындал.
Әрбір түсін аңғар да,
Жатта белгі түрін де.
Қызыл шамы жанғанда,
Болмайды енді жүруге.
Жүр!
Рұқсат дегендей,
Жасыл жанды, алақай.
Жолдан енді бөгелмей,
Өте бергін, балақай!

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері