Шаңырақ – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Шаңырақ» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 6579
Киіз үйге кіргенде,
Бәрі басын иеді.
Оның сыры білгенге,
Шаңырақ қой киелі.
Кереге, уық ғажап тым,
Кестелі ою өң береді.
Киіз үйі қазақтың,
Жер шарындай дөңгелек.
Түлеткен сан ұл-қызды,
Киіз үйім – дастаным.
Ай менен Күн, жұлдызды,
Шаңырақ қой аспаным.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері