Еркін елдің ұрпағымыз
Бұл бетте «Еркін елдің ұрпағымыз» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мөлдіреген айдынымыз,
Жарқыраған Ай, Күніміз.
Тәуелсіздік аңсап жеткен,
Ең қастерлі байлығымыз!
Еркін елдің ертеңіміз,
Шаттық күйін шертеміз біз.
Туған Отан, туған елдің,
Гүл жайнайтын өркеніміз.
Атты жарық нұр таңымыз,
Қия шыңға шырқарың біз.
Азаттығын аялаған,
Еркін елдің ұрпағымыз!
(балаларға арналған тақпақ)
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі