Жанкүйерлер – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Жанкүйерлер» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2515
Міне, ойын басталды,
Доп ортаға тасталды.
Жанкүйерлер дауысы,
Жаңғыртты жер-аспанды.
Алға, алға, жеңілме,
Дайын бол доп тебуге.
Қолдап келген сендерді,
Жанкүйерлер сенуде.
Алға, алға берілме,
Жанкүйерлер сенуде.
Ала допты ойыншы,
Қақпаға дәл тебуде.
Шабуылда Марат жүр,
Қорғаныста Самат тұр.
Өткізбейтін еш допты,
Қақпашы ғой Қанат бұл.
Жанкүйер боп бәріміз,
Толқып бірге жанымыз.
Жеңіс туын қайтамыз,
Желбіретіп әлі біз.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері