Күй – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Күй» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2375
Құрманғазы – күй атасы алыбым,
Алты алашты мойындатқан дарының.
Халқымыздың тарихынан сыр шерткен,
Күй арқылы шежіремді таныдым.
Күй-шежіре ғасырларды жалғаған,
Күй қанаты талмай көкте самғаған.
Дина апам, Қазанғап пен Тәттімбет,
Дәулеткерей елге күйін арнаған.
Күй жеткізген қуаныш пен қайғыны,
Күйде елдің айбары мен айбыны.
Аспандағы аққу құсты қондырған,
Күй-құдірет, ақ сезімнің айдыны.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері