Түркістан – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Түркістан» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 2
  • 5381
Исі қазақ қастерлер кие қонған,
Түркістан,
Қақпасына ер түркінің ие болған,
Түркістан.
Хандар менен билерге тұрақ болған,
Түркістан,
Имандылық жолына шырақ болған,
Түркістан.
Ұлы Жібек жолын да басып өткен,
Түркістан,
Топырағың құт, тасыңды асыл еткен,
Түркістан.
Тайқазанын төріне қайта әкелген,
Түркістан,
Келген жандар тілегін айта келген,
Түркістан.


Пікірлер (2)

жако

бұл өлең өте керемет екен.

жако

оте керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері