Өлең, жыр, ақындар

Әке өлең

Рахмет, саған, Әке! (Қазіргінің жігіттеріне құлақ қағыс)

Рахмет, саған, Әке!
Жарық әлем көрсеткенің үшін,
Жетім қылып кетпегенің үшін,
Тектілікті жоғалтпай,
Жалғыз шешемді таңдағаның үшін!
Рахмет, саған,Әке!
Шөлмек ұстап кетпегенің үшін,
Адал жолмен жүргенің үшін,
Артыңды ойлап болашақ,
"Мойор" даңқына жеткенің үшін!
Рахмет, саған, Әке,
Дарын мектебіне бергенің үшін,
Мені топас етпегенің үшін,
Ұлыңды ойлап болашағын,
Ұлы істі бастағаның үшін,
Рахмет, саған,Әке,
Спортқа мені апарғаның үшін,
Жеңілсем де мақтағаның үшін,
Халықаралық додаларда рухты сөзбен демегенің үшін,
Мені жеңімпаз еткенің үшін!
Рахмет, саған,Әке!
Қатем болса түзеткенің үшін,
Ауыр еңбек еткенің үшін!
Бесеумізді аш қалдырмай,
Жауапкершілік арқалағаның үшін,
Рахмет, саған,Әке,
Бізге қамқор болғаның үшін,
Баба ізін жалғағаның үшін,
Қазағым,жерім,отаным деп,
Шалғай елден әкелгенің үшін,
Рахмет, саған,Әке
Арсыз істі болмағанның үшін,
Диплом беріп жөнеткенің үшін,
Өз күшіңмен жет ұлым деп,
Нан тепкілікке жеткізбегенің үшін,
Рахмет, саған,Әке,
Өзіңнен өнеге алғызғаның үшін,
Сабырлы,жомарт еткенің үшін,
Көрінгенге еліктетпей ,
Менің үлгім атанғаның үшін,
Рахмет, саған,Әке!
54 жыл артқа тастап,
55 ті ауқымдапсыз,
1000 мешіт салып берсем де,
Дәл өзіңдей бола алмаспын!
Рахмет, саған,Әке!
Болашақ ұрпақ балаңның атынан.
Ежелгі ата-бабамның атынан,
Жеті миллиард адамның атынан,
Он сегіз мың ғаламның атынан,
Рахмет, саған, Әке!

Өлең авторы: Ибрахим Пернаев
@ibrr09



Пікірлер (1)

Мадина

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Ағама

  • 0
  • 0

Ұстатпаған ешкімге інісінің жағасын,
Қатем болса түзететін,қанатымсың дарасың,
Ибрахимің сыйлап өтер Жарылғаптай ағасын!
Тамшыны да өткізбейтін шатырымсың панасың,

Толық

Ана, әпке, қарындасқа

  • 0
  • 1

Артымнан ерген жалғызым еркем,
Қара ағаң саған жан сырын шерткен,
Адаспай журіп,адаспай басып анамның ізін,
Атаның Арғын келіні көркем!

Толық

Туған күніңізбен анашым!

  • 0
  • 1

Елуге қалай толдыңыз ана?
Ей уақыт-ай зулағаның ба?
Шүкіршілік етем күнде:
Жат жұрттық қып тумағаныңа,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар