Айкен-ай

Бұл бетте «Айкен-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 4448
Сен де келдің өмірге, мен де келдім,
Бірге жасап қызығын келер көргім, Айкен-ай.
Кел шырқалық, кел-кел-ай.
Елестесе көлеңкең көз алдыма,
Лүпіл қақпай жүрегім төзе алды ма? Айкен-ай!
Кел шырқалық, кел-кел-ай.
Не қылайын басқаның Қыз Жібегін,
Сүйген сұлу болған соң өз Жібегім, Айкен-ай.
Кел шырқалық, кел-кел-ай.
Алтын дәурен—жастық шақ жайқап гүлдей,
Достық бізге нұр төксін өшпес күндей, Айкен-ай!
Кел шырқалық, кел-кел-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айкен-ай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Айкен-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айкен-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айкен-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері