Айби – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Айби» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1347
Келмейді қара шашым қайыруға-ай,
Қас дұшпан не демейді айыруға-ай.

Угай-гай,
Әгу-гай,
Заман-ай.

Жаманға шыныменен бір сөз айтсаң-ай,
Жетпейді айтқан сөздің пайымына-ай.

Угай-гай,
Әгу-гай,
Заман-ай.

Бір жүйрік бір жүйріктен қалыспаған,
Жолдасым жолдасыңмен таныспаған.
Сауабын екеуінің біз алайық,
Жақсыдан жақсы болмас алыстаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері