Бұл бетте «Ақтеңге (1-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақсақалы ауылдың батыр Шоман,
Атаң қазақ болған соң—бәрің туған.
Қайырмасы:
Ақтеңге-ай,
Қыз жеңге-ай.
Тастап кеттің
Жат елге-ай.
Хан баласы жиналып қанат құрған,
Кейінгі бозбалаларға санат қылған.
Қайырмасы:
Ақтеңге-ай,
Қыз жеңге-ай.
Тастап кеттің
Жат елге-ай.
Қаламқас,
Замандас!
Хатқа қарап,
Қағаз жаз.
Қара бұлт жауады оңға барып,
Шіркінді біз айтайық өңдеп алып.
Баласы Көкайылдың—біз қазан ат,
Біз бе едік сөйлейтұғын соңда қалып.
Қайырмасы:
Ақтеңге-ай,
Қыз жеңге-ай.
Тастап кеттің
Жат елге-ай.
Ақ танай,
Жас балай.
Загран бешпент,
Максим-ай.
Қаламқас,
Замандас!
Ақжан еркем,
Қара-ау қас.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі