Бұл бетте «Алқаракөк» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мінген атым астымда Алқаракөк,
Сіз дегенде көңілде бөтен ой жоқ.
Сен есіме түскенде, беу, бұраң бел,
От жанады ішімде түтіні жоқ.
Қайырмасы:
Ұсынғанда қол жетпес,
Шыңдағы өскен шынарсың.
Сіз сықылды-ау құрбыны
Көрмей қайтіп тұрарсың?!
Мінген атым астымда алқара сұр,
Қайыңнан да құрыққа тал жарасар.
Сіз қырмызы болғанда, біз алтын зер,
Қырмызыға алтын зер бек жарасар.
Қайырмасы:
Ұсынғанда қол жетпес,
Шыңдағы өскен шынарсың.
Сіз сықылды-ау құрбыны
Көрмей қайтіп тұрарсың?!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі