Алма мойын ақ бидай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Алма мойын ақ бидай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1218
Таңдаулы көңілім сүйген бір бидайым,
Салайын шырқап әнге келсе ыңғайым.
Анаңнан тудың артық сонша бөлек,
Сен біткен ойпаң жерге бір жас қайың.

Қайырмасы:
Алма мойын ақ бидай,
Ұнай ма-ай, бір бидай,
Ей! Е-ей-ей!
Ойпаң жерге сен біткен,
Жаңа қайың, ақ бидай.

Салғанда мен өлеңге, тыңда қауым,
Айтуға ықыласпен бар ма жайың?
Тыңдасаң көңіл қойып өлеңімді,
Ағызам түрлендіріп әннің майын.

Қайырмасы:
Алма мойын ақ бидай,
Ұнай ма-ай, бір бидай,
Ей! Е-ей-ей!
Ойпаң жерге сен біткен,
Жаңа қайың, ақ бидай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері