Алтын жай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Алтын жай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1205
Ақ түлкідей құлпырған ажарың-ай,
Салма менің жаманға назарымды-ай.

Қайырмасы:
Әрияй сәулем, қызығы-ай,
Алтын жай, арқада өскен балқурай,
Сол қурайдың іші толған бозторғай.

Қыз кеткен соң ауылыңнан қызық кетер,
Жәрмеңкенің тараған базарындай.

Қайырмасы:
Әрияй, сәулем, қызығы-ай,
Алтын жай, арқада өскен балқурай,
Сол қурайдың іші толған бозторғай.

Көркіңнен айналайын кекілдім-ай,
Киіктің кер лағы секілдім-ай.

Қайырмасы:
Әрияй, сәулем, қызығы-ай,
Алтын жай, арқада өскен балқурай,
Сол қурайдың іші толған бозторғай.

Қор болып бір жаманға кеткеніңді,
Кешігіп есіткенде өкіндім-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері