Алшаңгер
Бұл бетте «Алшаңгер» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үйірі қысырақтың құла дөнен,
Қайырып түлкі соқтым құла дөңнен.
Қара өлең оннан салып төңкерейін,
Болып па бұ да бұйым өлең деген.
Қайырмасы:
Алшаңгер,
Қырымпазым-ой.
Дүние-ай өтті-ау күнім,
Сайрай гөр өтпей тұрып,
Қызыл тілім.
Шашағы шашбауымның шал құрықтай,
Оң қолым судан шыққан ақ борықтай.
Итіңді салып бестен мен айтайын,
Қадалған құбыладан ызғырықтай.
Қайырмасы:
Алшаңгер,
Қырымпазым-ой.
Дүние-ай өтті-ау күнім,
Сайрай гөр өтпей тұрып,
Қызыл тілім.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі