Апажан – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Апажан» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1103
Жасымнан туып өскен қайран жерім,
Есімнен қайда жүрсем кетпес елім.
Апажан күнім-ай, жан Салиха.
Баласы Атабайдың алып барад,
Қайтейін кеттім жылай іште шерім,
Апажан күнім-ай, жан Салиха.

Қайырмасы:
Сарыарқа жерім,
Сағындым елім.
Қайтейін, жылай-жылай
Өтті-ау, күнім.

Ағайын, туысқандар енді есен бол,
Біздерге нәсіп болғай қайырлы жол.
Сәлем де анам менен атамызға,
Көз жасым болып барад дария көл.

Қайырмасы:
Сарыарқа жерім,
Сағындым елім.
Қайтейін, жылай-жылай
Өтті-ау, күнім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері