Ахау, айдай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, айдай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1957
Біздің елдің дуаны Қарқаралы,
Бір ай бұрын жауады Арқа қары.

Қайырмасы:
Ахау, айдай,
Өтіп күнім барады,
Уа, Дариға-ай!

Осындайда, жігіттер, ойна да, күл,
Жастық шіркін барады тарқағалы.

Қайырмасы:
Ахау, айдай,
Өтіп күнім барады,
Уа, Дариға-ай!

Өзге таудан Қарқаралы басың биік,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қайырмасы:
Ахау, айдай,
Өтіп күнім барады,
Уа, Дариға-ай!

Сен есіме түскенде, беу қарағым,
Жата алмаймын төсекте ішім күйіп.

Қайырмасы:
Ахау, айдай,
Өтіп күнім барады,
Уа, Дариға-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері