Ақау, арман – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақау, арман» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1863
Арман-ай, ақ сәулештің аулы шалғай,
Жан құрбым, жатыр нағып хабар салмай.
Тұр ма екен ол да өзімдей уағдасында,
Мен жүрмін өзге жанға назар салмай.

Қайырмасы:
Ақау, арман,
Дүние жалған.
Күн туар
Кездесетін есен-аман.

Ақ сәуле, шын сүйгенім, сен—арманым,
Жүректе, сені ойласам, жанар жалын.
Қалқам-ай, хабарыңды бір тигізші,
Жанымның ынтызары саған мәлім.

Қайырмасы:
Ақау, арман,
Дүние жалған.
Күн туар
Кездесетін есен-аман.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері