Ахау, гигай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, гигай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1236
Ал, қалқам, маңдайыңнан нұрлы жүзің, ай-ау,
Аямай ажарлы боп туған өзің, ахау-гигай, туған өзің-ай.
Сүйегің райхан гүлден жаратылған, ай-ау,
Бұлбұлдай тұрған сайрап айтқан сөзің, ахау-гигай, айтқан сөзің-ай.

Қайырмасы:
Ахау, гигай,
Салдым шимай.
Кеткенде аулың алыс,
Қалдым қимай, қалдым қимай-ай.

Замандас құр қажыма қиял ойлап,
Ой түбі бір терең сай кетсе бойлап.
«Сары алтын сабыр түбі» деген сөз бар,
Сабырың ақырында бәрін жимақ.

Қайырмасы:
Ахау, гигай,
Салдым шимай.
Кеткенде аулың алыс,
Қалдым қимай, қалдым қимай-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері