Бұл бетте «Ахау, халилем!» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналайын, қарағым, келдің қайдан,
Алма мойын ақ үйрек ұшар сайдан, халиләм.
Құдай айдап кез болдық, әріптесім,
Дос болмағы адамның осындайдан, халилем.
Ахау! Халилем,
Дос болмағы адамның осындайдан, халиләм.
Ақыл—дария болғанда, көңіл—көлмек,
Бір көруге өзіңді келдім шөлдеп.
Оралыңның барында ойна да күл,
Мың күн тұрып, сынады бір күн шөлмек.
Бірін-бірі дос болмас мақтамаса,
Жамандықтан бір-бірін сақтамаса.
Бір күн тату болатын, бір күн араз,
Дей алмаймыз мінезді тап-тамаша.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі