Әдемі әуен (Отличный напев) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әдемі әуен (Отличный напев)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1941
А-хау-ей!
Қыз қайда қызыл шырай иіс майлы,
Қиғаш қас, қарақат көз, алма мойын, ай.
А-хау-ей!

Бір айтқан сәлемімді есіне алып,
Жіберсе сабырменен ақыл-ойын, ай.
Ха-лә-лә-ку, ха-лә-лә-ку, ли-ли-ләй,
Жіберсе сабырменен ақыл-ойын, ай.

А-хау-ей!
Қыз қайда айтқан сөзді алатұғын,
Қырандай көзді алысқа салатұғын, ай.
А-хау-ей!

Айтқан серт, уәдеге берік болып,
Бұлтармай бір сөзінде қалатұғын, ай.
Ха-лә-лә-ку, ха-лә-лә-ку, ли-ли-ләй,
Бұлтармай бір сөзінде қалатұғын, ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері