Қажыларға – Сүйінбай Аронұлы

Бұл бетте «Қажыларға» атты Сүйінбай Аронұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 2
  • 5573
Ысқақ, Ыспан кешегі —
Мекке барған қажылар.
Кітабына жазмыштың,
Бәрі - дағы жазылар.
Меккеге жүрер кезінде
Он сапар тілеп, бата алдың
Қожа болып келген соң,
Барымталап мал жиып,
Ұры қажы атандың.
Ағарыпты бұл күнде,
Ұрлықпенен сақалың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Ұлданай

маған ұнады

Болатбек амина

кушты

Осы автордың басқа өлеңдері