Әкудай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әкудай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1172
Ағаға іні келер амандаса,
Дос емес, дос артынан жамандаса.
Аяғың бір нәрседен шалыс болса,
Немен бір қайласын, шіркін, а-ай, табалмаса.

Қайырмасы:
Ә-әкудай, дәкудай, ай, дай-ай-да,
А, шіркін, а-ай, табылмаса а-ау.

Ат жақсы арғымақтан шабыс болса,
Жат жақсы ағайыннан таныс болса.
Артыңнан жоқ сөзді айтып күңкілдейді,
Аяғың бір нәрседен, шіркін, а-ай, шалыс болса.

Қайырмасы:
Ә-әкудай, дәкудай, ай, дай-ай-да,
А, шіркін, а-ай, табылмаса а-ау.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері