Ән салсам – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ән салсам» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1175
Жігітпін бұл алқаның еркесіндей,
Қияның қыран түскен түлкісіндей.
Қайырсаң ән аяғын мендей қайыр,
Сылқылдап сұлу қыздың күлкісіндей.

Ән салсам ертеңнен кеш жалықпаймын,
Даусымды тоқсан түрлеп анықтаймын.
Күледі кәрісің деп қыз-келіншек,
Мен оған күлді екен деп жабықпаймын.

Ән қосам аспандағы бозторғайға,
Қойсайшы бір айқайлап «Құрбым қайда?»
Жиылған қыз, бозбала мәжіліс екен,
Өнерді көрсетейін осындайда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері