Әпитөк (3 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әпитөк (3 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1658
Хат жазамын, сәулем, ай, сені ойлап,
Булықтырған жүректі толқын бойлап,
ой, Әпитөк.
Жазып, жазбау дертімді өз қолымда,
Тына алмайды ой билеп ерік қоймай,
ой, Әпитөк.

Қайырмасы:
Әпитөк, дыбыс жоқ, қалқатай,
Сөйлесуге тіл қат жоқ,
Бір өзіңдей бекзат жоқ.
Ең болмаса, сәулешім,
Ашып айтар бір дат жоқ,
Ей, Әпитөк, бір дат жоқ,
Әк-ги-гай, Әпитөк.

Болдым құмар жасымнан, сәулем, саған,
Дидарласар күн туса есен-аман.
Сенсіз маған жалғанда қызық бар ма,
Жететұғын тілекке болса заман.

Қайырмасы:
Әпитөк, дыбыс жоқ, қалқатай,
Сөйлесуге тіл қат жоқ,
Бір өзіңдей бекзат жоқ.
Ең болмаса, сәулешім,
Ашып айтар бір дат жоқ,
Ей, Әпитөк, бір дат жоқ,
Әк-ги-гай, Әпитөк.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері