Әр жерде айтып – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әр жерде айтып» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1362
Әр жерде айтып жүрген бұл өлеңім,
Айнайды қолдан келсе-ай қай өнерім.
Қайырып қанша баптап салсам-дағы,
Көңілге бір жетпейді-ай көк дөненім.

Қайырмасы:
Ахау лайли, ахау лайлім,
Халилай, халали, ли-ли-ли...
Шіркін-ай! ли-ай.

Қай беткей, мына беткей, дала беткей,
Мал қайда ер жігітке талап етпей.
Жас жақын—арқын-жарқын жарқылдап қал,
Деймісің мың жасармын әлі-ақ өтпей.

Қайырмасы:
Ахау лайли, ахау лайлім,
Халилай, халали, ли-ли-ли...
Шіркін-ай! ли-ай.

Қайыңның қасың қара көміріндей,
Мылтықтың сыртың сұлу теміріндей.
Өзіңнің сүйгеніңмен әзілдессең,
Басқаның өтіп кеткен өміріндей.

Қайырмасы:
Ахау лайли, ахау лайлім,
Халилай, халали, ли-ли-ли...
Шіркін-ай! ли-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әр жерде айтып өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Әр жерде айтып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әр жерде айтып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әр жерде айтып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері