Қалқам-ау

Бұл бетте «Қалқам-ау» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1710
Қалқам-ау,
Не қалды екен біз қимаған?
Жапырақ жанымызды күз қинаған.
Құлын қуып, гүл теріп қоңыр дөңде,
Қонақ үйге толатын, көңіл желге.
Асау өзен тулайтын теріс ағып,
Теріс ағып, мен жүрдім пері соғып.
Мамағаштың басына майшам іліп,
Ақбоз үйге сынатын ай соғылып.
«Әгугигәй екеу-ай» дейтін ақын,
Ауылға аруақтардың бейті жақын.
Атаңның алты қызы тым керемет,
Ал, сенің сұлулығың мүлде бөлек.
Ертөстікке жазсам да жырдың бәрін,
Ертекке сай келмеді құрғыр бағым.
Қалқам-ау,
Айтар сөзім тұр тілімде,
Айтпай-ақ нұр ойнатсын кірпігіңде.

* * *
Құлай сүйген ақымаққа қонар ма ем,
Шарап әкел,
Қажеті жоқ басқа удың.
Сұлуға мәрт сырлас болып Омармен,
Ойсыздарға өлең оқып мас жүрмін.
Мейханадан масаң қайтқан түндерде,
Туындайды сағынышты нағыз ән.
Көбелекке құшағы ашық гүлдерге,
Өлмесін деп көз жасымды тамызам.
Сенің атың кеудемдегі елік жыр,
Сырлы көзе ернімдегі мұңлы құс.
Жүрегімді жұлдыздарға теліп жүр,
Қарашығым жұтып алған бір күміс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалқам-ау өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Қалқам-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалқам-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалқам-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері