Жер жаннаты – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Жер жаннаты» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 592
Уыз берген оған, саған, маған да,
Туған жердей жер жаннатын табам ба;
Өмірді – ана, бақытты – еңбек, туған жер, –
Махаббат пен арман сыйлар адамға!
Сәулетіндей салтанатты сарайдың,
Менің де бар Көкше деген арайлым.
Сондықтан мен мынау заңғар әлемге, –
Оқжетпестің биігінен қараймын.
Жанарында жаңа арманның жалқыны,
Жайсаң тірлік жасап жатқан халқы ұлы;
Жасампаздық табиғатын білем мен,
Ер Көкшемнің еңбекші елі арқылы.
Нұр жайлаған, гүл жайнаған паң қыры,
Жасыл бақтан жұпар исі аңқыды:
Әсемдігін бағалаймын әлемнің,
Бурабайдың сұлулығы арқылы.
Төрінде – қу, көгінде – қаз қаңқылы,
Маржан шашып ерке айдыны шалқыды:
Сырын ұғам дүниедегі пәктіктің,
Айнакөлдің мөлдірлігі арқылы.
Сексен көлім ағытып сыр тиегін,
Бергеніне шүкірлік қып иенің;
Көкшемді мен жақсы көру арқылы,
Ұлан-ғайыр туған елді сүйемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер жаннаты өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Жер жаннаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер жаннаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер жаннаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері