Әр жерде айтып – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әр жерде айтып» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1396
Әр жерде айтып жүрген бұл өлеңім,
Айнайды қолдан келсе-ай қай өнерім.
Қайырып қанша баптап салсам-дағы,
Көңілге бір жетпейді-ай көк дөненім.

Қайырмасы:
Ахау лайли, ахау лайлім,
Халилай, халали, ли-ли-ли...
Шіркін-ай! ли-ай.

Қай беткей, мына беткей, дала беткей,
Мал қайда ер жігітке талап етпей.
Жас жақын—арқын-жарқын жарқылдап қал,
Деймісің мың жасармын әлі-ақ өтпей.

Қайырмасы:
Ахау лайли, ахау лайлім,
Халилай, халали, ли-ли-ли...
Шіркін-ай! ли-ай.

Қайыңның қасың қара көміріндей,
Мылтықтың сыртың сұлу теміріндей.
Өзіңнің сүйгеніңмен әзілдессең,
Басқаның өтіп кеткен өміріндей.

Қайырмасы:
Ахау лайли, ахау лайлім,
Халилай, халали, ли-ли-ли...
Шіркін-ай! ли-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері