Өлеңдер Бөлімі

Головкин нағыз Монстр !

Головкин тегі Генадий ,
Бокста басты сценарий .
Қарсыластардың сөздерін ,
Санаңнандағы memory !

Білекте , жойқын , күші бар ,
Жеңісін елге ұсынар .
Қарсылас қарап қорқатын ,
Жүзінде ерлік сұсы бар .

Жарнама жасап халықты,
Әлемге , елін , танытты .
Арсыздық іске бармайтын ,
Мінезі ауыр қалыпты .

Әлемнің талай мықтысын ,
Сұлатып , салып ,ұтты шын .
Қарсылас айтты кейіннен ,
Пойызға теңеп соққысын .

Ол : Мықты деді ойы ұшқыр ,
Егерде жеңсем , пояс тұр .
Жеңілдім , енді , амал не ,
Головкин нағыз МОНСТР !

Деп : Жауап айтты ақпарға ,
Сөзім жоқ .
Өзімді , бүгін ақтауға .
Деді де , содан , кете бард ,
Жеңілгенді жұрттар мақтарма .

Жұлдызды жарқын шақтарда ,
Алварес шықты қапталға .
Рингке шықсам қазақ пен ,
Арман жоқ деді :
Әлемдік , бүткіл БАҚ-тарға .

Қабыл боп , дұға , тілегі ,
Мексика , шат боп , күледі .
Головкиннен бірақта ,
Жеңілетінін біледі .

GGG шықты ,
Шаршы алаң , жаққа беттеді .
Туған ел , жері , ойынан , ешбір кетпеді ,
Қазақы шапан, үстіне , киіп алғаны ,
Генадий батыр нағыз ұл неткен текті еді

Головкин батыр арғымақ ,
Бар әлемді , әлі ертең , таң қылад
Алвареспен кездесулер тарихы ,
Нокаутпен нүкте қойып жабылад !

Авторы : Надиров Н.


Қарап көріңіз


Пікірлер (1)

Мирзана

Керемет! Головкин нағыз чемпион!!

Пікір қалдырыңыз

×